Атырау облысының Индер ауданында 25 сәуірде өрт шығып, пәтерден 10 және 7 жастағы екі баланың мәйіті...
Тікұшақ апатқа ұшырап, 7 адам опат болды
Фото: әлеуметтік желі
831
Кенияның Ололокве тауында тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы 7 адам – алты турист пен ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Полицияның хабарлауынша, Eurocopter EC130 B4 тікұшағы жергілікті уақыт бойынша 09:13 шамасында Самбуру округіндегі Ололокве тауында құлаған.
Тікұшақ Лайкипия округіндегі Соян ранчосынан Лойсаба қорығына бағыт алған. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Оқиға бойынша тергеу басталды.