Нұрсұлтан Жақсыгеннің қорғаушылары сот үкіміне шағымданатынын мәлімдеді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
500

Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің қорғаушылары сот үкіміне апелляциялық шағым түсірмек. Бұл туралы адвокаты Тілеужан Кішкенебаев мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сот үкіміне сәйкес, Нұрсұлтан Жақсыген Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған.

Қорғау тарапы Жақсыгеннің заңсыз сотталғанын айтып, қылмыстық іс жан-жақты әрі объективті зерттелмеген деп санайды.

«Жақсыгеннің кінәлі немесе кінәсіз екенін анықтауға мүмкіндік беретін тиісті сараптама тағайындалмаған», – делінген қорғау тарапының мәлімдемесінде.

Адвокаттар осыған байланысты алдағы уақытта апелляциялық шағым түсіріп, сот үкімін қайта қарауды сұрайтынын айтты.

Іс бойынша түпкілікті шешімді апелляциялық сот қабылдайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде ер адам дәрігерге шабуыл жасап, оны мойн...

Шоу-бизнес

Танымал актер Бекжан Тұрыстың ұлы Мағжан Тұрыс шаңырақ көтерді. Жас жұбайлардың үйлену тойы ерекше ф...