Ақмола облысында кене шаққан жасөспірім жансақтау бөліміне түсті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
116

Ақмола облысында 17 жастағы студент кене шаққаннан кейін ауыр халде реанимация бөліміне түсті. Қазіргі уақытта ол облыстық балалар ауруханасында жатыр. Алдын ала диагноз – кене арқылы таралатын вирустық энцефалит, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Белгілі болғандай, жасөспірімді кене 16 мамыр күні шаққан. Алайда отбасы медициналық көмекке бірден жүгінбеген және бұл жағдайды ешкімге хабар бермеген. Уақыт өте келе науқастың жағдайы күрт нашарлаған.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірімнің санасы бұзылған. Дәрігерлер қажетті тексерулер мен ем-шараларды жүргізіп жатыр.

Медицина мамандары кене шаққаннан кейін белгілер бірден білінбеуі мүмкін екенін ескертеді. Кей жағдайда адам өзін бір апта немесе одан да ұзақ уақыт бойы қалыпты сезінуі мүмкін.

Әдетте алғашқы белгілер 7–10 күн ішінде пайда болады. Кене энцефалитінің асқынуы өте қауіпті, себебі вирус орталық жүйке жүйесін  ми мен жұлынды зақымдайды. Оның салдары қайтымсыз болуы мүмкін, – деді облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімінің меңгерушісі Ербол Жұмағалиев.

Маусым басынан бері Ақмола облысында кене шаққаннан кейін шамамен 500 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың үшеуінде кене энцефалиті расталған. Олар Бурабай және Сандықтау аудандарының тұрғындары.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде ағылшын тілі пәні бойынша тес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Былтырғы жылдың қыркүйегінен бері жергілікті атқарушы органдар Отбасы банкке 12 760 жалдамалы пәтер...