Ұлттық ұланда 6 тіл білетін сарбаз қызмет етеді

Фото: Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2007

Түркістан қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімінде 6 тілді еркін меңгерген сарбаз Шахбоз Сатыбалдиев қызмет етіп келеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ El.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлты тәжік болса да, қазақ тілі мен тарихын жетік меңгерген жауынгер әскер қатарына Астана қаласынан шақыртылған.

Шахбоз қазақ, өзбек, тәжік, түрік, кәріс және орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Оның айтуынша, әрбір тілді меңгеру арқылы ол сол халықтың мәдениеті мен болмысын тереңірек түсінуге тырысқан.

Әскер қатарында жүріп, бұл қабілетімді одан әрі дамытуға мүмкіндік алдым. Себебі Түркістан қаласына әлемнің әр түкпірінен туристер ағылып келеді. Ал мен қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде шетелдіктерге жиі көмектесіп тұрамын. Бірнеше тіл білгеннің арқасында оларға заң мен ережені түсіндіруде еш қиналмаймын, – дейді қатардағы Ш. Сатыбалдиев.

Жауынгердің ерекше қабілеті мен әскери тәртіпке деген жауапкершілігі ұжым ішінде жоғары бағаланып отыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...