Қазақстан Жазушылар одағының Басқармасы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург және пуб...
Солтүстік Қазақстанда ер адам әжесін пышақтап өлтірді
Фото: © istockphoto.com
443
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында зейнеткер пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Полиция мәліметінше, қайғылы оқиғаға тұрмыстық жанжал себеп болған. Қылмыс жасады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды.
"74 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыс жасады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.
Қазіргі уақытта кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.