«Соңынан қуып жүріп ұрған»: Шымкентте әйел адам кішкентай қызға қол көтерген (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
168

Шымкент қаласындағы балаларға арналған ойын-сауық орнында жағаұстатарлық жағдай орын алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желідегі бейнежазбада кішкентай ұл мен қыздың арасында жанжал туындағаны байқалады. Алайда жағдай мұнымен аяқталмаған. Кадрларда ұл баланың анасы араласып, қыз баланы шымшып, түртіп тиіскені көрінеді.

Сонымен қатар, қыздың әпкесі сіңілісін алып кетуге тырысқанымен, әйел адамның олардың артынан қуып, өз баласына қызды ұрғызуға әрекет жасағаны айтылуда.

Қыз баланың анасы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қызына үлкен әйел қол көтерген.

«Қызымды үлкен әйел ұрды… Аяқтары көгеріп қалды. Экспертизадан өттік», – дейді ол.

Аталған оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік мұндай әрекетке қатаң шара қолдану қажет екенін жазуда.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» әні Польшадағы Radio Olsztyn хит-парады...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау қаласындағы түзеу мекемесінде сотталушылар арасында болған жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды,...