Курьер-ананың күйеуі еріктілер ұсынған барлық көмектен бас тартқан

Коллаж: ult.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
110

Курьер-ана барлық көмектен бас тартты. Бұл туралы желіде Алмат Несіпқалиев есімді азамат жазды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz ult.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Осы аталған тақырыпты толық жауып, барлығын Аллаға тапсырдым. Дегенмен, соңына дейін көмек көрсете алмағаныма қатты өкініш бар. Бірнеше күн бойы тыным таппай, бар уақытымды, назарымды, шынайы ниетімді осы іске арнадым. Жұмысымды да ысырып қойып, халық болып, ұлт болып бірігіп көмек қолын созсақ деген оймен әрекет еттім. Ол кісіні алғаш көрген сәттен бастап ойымда тек көмектесу болды. Бірнеше күн дұрыс ұйықтай алмадым. Ойым мен фокусым сол жақта жүрді. Жұмыстан кеш шықсам да, жағдайларын білу үшін жолдасыммен бірге бардым. Қолымыздан келгенше шағын көмек көрсеттік, мән-жайын білдік. Тек біліп қана қоймай, нақты көмек көрсетеміз деп шын ниетімізді білдірдік.

Келесі күні видео материал түсіріп, көмек жинауға (сбор) көмектесетінімізді айттық. Ол кісі келісімін берді, керек-жарақтарын жазып алдық, көмек беруімді өтінді. Мен өз нөмірім арқылы немесе өз атымнан ешқашан ақша жинаған емеспін

Ниетім - реквизиттерін алып, көмекті тікелей сол адамдардың өзіне жеткізу еді. Бірнеше қайырымдылық қорларына жаздым, сөйлестім, тіпті үй алып беруге дейін тырыстым. Басты мақсат - қай жағынан болсын бір пайдамды тигізу болды.

Осы жағдайға байланысты жұмыс орнымнан да шығып кеттім. Негізгі ойым - ана мен 4 айлық Нурилаға көмектесу еді…

Сонымен қатар, осы арқылы қоғамдағы көптеген жас аналардың, жалғызбасты батыр аналарымыздың жағдайын көрсетіп, қолдау білдіру болатын. Тек бір отбасының емес, жалпы Қазақ елінің жағдайына титтей болса да үлес қоссам деген ой болды. Маған бұл істен ешқандай қаржы түскен жоқ, ешкім келіп менің жағдайымды жасап берген жоқ. Менің бар жасағаным - жүрекпен жанашырлық таныт, 4 айлық сәбидің еш кінәсі жоқ қой деген ой маза бермеді. Түн ұйқым бұзылып, қалай көмек көрсете аламын деген сұрақ ойымнан кетпеді. Бірақ барлығы мен ойлағандай болмады. Келіншегімекеуміз видео түсіруге бардық. Ешқандай мобилограф та, видеограф та болған жоқ

Қолымызда арнайы жарық та болмады. Бар болғаны - шынайылық. Үйдің сыртынан бастап, ішке тек өздерінің рұқсатымен кіріп түсірдік. Барлығы шынайы болды. Мән-жайды ашық айтып беруін, тек нақты әрі шын ақпарат айтуын сұрадым. Қарыздары, кредиттері, диагнозға қатысты құжаттары мен выпискаларын түгел тексеріп алдым. 

Видео түсіріліп болды, монтаждалып, тек салу ғана қалған еді. Алайда бүгін маған хабарлама келді. Менің ниетім - видеоны әлеуметтік желілерге жариялап, халық болып көмек жинауды бастау еді…

Бірақ ол кісілер өздері көмектен бас тартты. Қоңырауларыма жауап бермеді. «Керек емес, видеоны салмаңыз» деп жауап қайтарды. Мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатқанын, уақытша тұрғын үй мәселесі шешілгенін, енді жұмысқа орналастыратынын айтты. Видеоны салсаң, үстіңнен арыз жазамын деп, мені бұғаттап тастады.

Осы сәтте көңілім қатты түсіп қалды. Енді халық болып бірігіп, үй алып беріп, жағдайын реттейміз дегенде осындай жағдай орын алды. Хайырлысы осы шығар…

Мен қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырыстым. Хабарға шықтым, үйлеріне де бардым, бірақ ешқандай жауап болмады.

Бұл оқиға мені бейжай қалдырмайды. Өйткені дәл осындай қиын жағдайда жүрген қаншама жас отбасылар, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Көптеген мықты аналарымыз осындай ауыр жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр болып жүр. Барлық халықтың алдында басталған іс болғандықтан, осы жазбаны жазуға шешім қабылдадым, халық мені жоқ болып кетті деп ойламасын, мен соңына дейін барғым келді. 

Үлкен өзгерсітер әкелу үшін үлкен іс керек емес. Кішкентай қадамнан бастап, халық болып бірігіп, үлкен нәтижеге жетуге болады. 

Бұл- менің жеке ойым. Енді қалғанының Аллаға тапсырдым, ниетіме Аллам өзі куә!», - деп жазды ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожажурналист Аман Тасығанға берген сұхбатында өміріндегі ең ауыр сәттерді...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кәсіпкер Жәкішевтің құдалары әлі талқыланып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....