Жамбыл облысында көше ортасында тыр жалаңаш жүрген ер адам жұртты шошытты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
867

Жамбыл облысы Қордай ауылында 11 ақпан күні ер адам орталық көшелердің бірінде жалаңаш жүрген. Куәгерлер түсірген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қоғамдық тәртіпті әдейі бұзған ер адамның жеке басы анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді.

“Құқық бұзушыға қатысты “Қоғамдық орында мас күйде жүру” және “Ұсақ бұзақылық” баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оның әрекеті қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытты. Материалдар сотқа жолданды”, – делінген хабарламада.

Полиция департаменті мұндай әрекеттердің заңға қайшы екенін атап өтті.

“Қоғамдық орын – білгенін істейтін жер емес. Мінез-құлық нормаларын әдейі елемеген әрбір адам жауапкершілікке тартылады”, – деп ескертті ведомство. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бурабайда найзағайдың кесірінен екі өрт шықты. Өрт сөндірушілер Ақылбай орман шаруашылығындағы өртте...

Шоу-бизнес

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова өз өмірі туралы деректі фильм түсіруді жоспарлап отырға...