“Соттың әділ өтетініне сенбеймін”: Шерзаттың әпкесі Перизат Нұрымова әділдік болатынына сенбейтінін мәлімдеді

Фото: ulysmedia

ЖАҢАЛЫҚТАР
475

Марқұм Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымова бүгінгі сот отырысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Оларды жекелеген баптар бойынша соттап жатыр, бірақ біз оларды топ болып әрекет еткендер ретінде қарау керек деп есептейміз. Бұл жай ғана бұзақылық емес, олар баланы өлтіруге барған.

Бұдан бөлек, Нұрқанаттың (Шерзаттың қаза тапқан ағасы – ред.) портмонесінде шамамен 1 миллион теңге мен жүргізуші куәлігі болған. Бұл құжаттар табылған жоқ. Қазір біз бұл туралы айттық, тіркеттік, – деді Шерзаттың тәтесі Перизат Нұрымова.

Нұрымова соттың әділдігіне сенбейтінін айтты.

Жеке өзім соттың әділдігіне сенбеймін. Егер әділеттілік болса, онда уақытша ұстау изоляторында олар торт пен телефонмен отырмас еді, деді Перизат. 

Бұған дейін Шерзат Полат тарапының адвокаты Мейірман Шекеев мемлекеттік айыптаушының айыптау актіне қатысты пікір білдірген болатын

Сонымен қатар, Шерзаттың ісінде 9 күдіктінің тек екеуіне ауыр айып тағылғаны белгілі болды. Қалған жеті күдіктінің ісі “бұзақылық” бабымен қаралады. 

АЙМАҚТАР

Астанада ҚХА қамқорлығымен этномедиация бойынша «Келіссөздер процесінің техникасы, этносаралық...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін кәмелетке толмаған балалардың емі үшін мерзімінен бұ...