Алматыда заңсыз қоқыс төккен жүргізуші мен көлік әйнектерін сындырған тұрғын жазаланды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
340

Алматы қаласының Наурызбай ауданында кәріз жүйесіне заңсыз қалдық төгуге байланысты жанжал шықты. Оқиғаға қатысқан екі ер адам да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға ассенизатор көлігінен кәріз жүйесіне қалдық төгу кезінде болған. Заңсыз әрекетті байқаған жергілікті тұрғын жүргізушіден көлікті тоқтатуды талап еткен. Алайда жүргізуші оның талабына бағынбаған.

Осыдан кейін ашуланған тұрғын жүк көлігінің әйнек тазалағышын жұлып алып, алдыңғы және бүйір әйнектерін сындырған.

Нәтижесінде жанжалға қатысқан екі азамат та 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Тұрғын мүлікті бүлдіргені және ұсақ бұзақылығы үшін, ал жүргізуші ұсақ бұзақылығы үшін жазаланды.

Сонымен қатар жүргізушінің сақтандыру полисінсіз әрі тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны анықталып, осы құқық бұзушылықтар бойынша да жауапқа тартылды.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Дүйсенбі, 23 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Солтүстік Қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы, Шымкент және Павлодарда есірткі тасымалдады деген күдікпен үш адам ұсталды, деп хабарлайды M...