СҚО-да орманды алқапта қатты өрт болды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
627

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында Жаңалық ауылы маңында ашық аумақта құрғақ өсімдіктер тұтанып, кейіннен өрт Орман шаруашылығы жерлеріне тараған, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

ТЖМ мәліметінше, алдын ала деректер бойынша өрттің аумағы 7,7 гектарды құраған. Өрт төменгі қабатта тез таралатын сипатта болған.

«Өртті сөндіруді қатты екпінді жел қиындатты, бұл оттың жылдам таралуына әсер етті. Оқиға орнында штаб құрылып, өртті жоюға төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, орман шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ерікті өртке қарсы құрылымдар жұмылдырылды», – деп нақтылады ведомство.

Іс-қимылды үйлестіру үшін оқиға орнынан бейнені ТЖ департаментінің дағдарыс орталығына тікелей жеткізе отырып, бейнеконференцбайланыс ұйымдастырылды. Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт сөндірілді.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...