ШҚО-да полиция қызметкері бір отбасыны аман алып қалды

Фото: polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1019

Республикалық «Учaске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері есепте тұрған отбасыларды тексеріп, саяжай аумақтарын аралап жүрген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сол кезде полиция қызметкері Әсел Тукушева бақылау мақсатында үйлердің біріне кірген.

Табалдырықтан аттай салысымен ол үй ішінен улы газдың өткір иісін сезген. Бұл үйде бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана тұратын: үлкені – 17 жаста, кішісі – 3 жаста. Қауіп минут санап күшейіп бара жатқандықтан, полиция қызметкері дереу әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алған.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД мамандары үй ішінде улы газдың тарағанын растады. Пеште пайда болған ақаулардан үй ішіне түтін тараған.

Үйде қалу қауіпті болғандықтан, ана мен бес бала Өскемендегі дағдарыс орталығына уақытша орналастырылды.

Полиция капитаны Әсел Тукушеваның қырағылығы мен жедел әрекетінің арқасында бірден алты адамның өмірі құтқарылды, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...