Төрт адамға донор болған 18 жастағы жігіттің құрметіне Астанада хоккей ойыны өтті

Фото: Максимнің отбасы берген сурет

Жаңалықтар
713

Былтыр 15 шілдеде Максим мопед айдап келе жатып, көлікпен соқтығысқан. Жігіт жедел түрде Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды madeniportal.kz orda.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Дәрігерлер қанша тырысқанымен оның жағдайы өте ауыр болып қалды. Бірнеше күннен кейін, 23 шілдеде Максимнің миы жұмысын тоқтаты. 

Оның миы өлді деп жарияланған күннен кейін дәрігерлер Максимнің отбасымен донорлық туралы әңгімелесті.

«Біз үшін бұл өте қиын шешім болды. Максим 15-і күні апатқа ұшырап, тоғыз күн комада жатты. Бұл күндері біз оның есін жиғанын күттік. Оның аман қалып, үйге оралуға мүмкіндігі бар деп үміттендік. Дәрігерлер донорлық туралы миының жұмысы тоқтап қалғанын жариялаған кезде айтты. Шешім қабылдауға көп уақытымыз да болмады. Біз бір түнде шешім қабылдадық», - деді Максимнің әпкесі Евгения Юнусова. 

Максим Войнюшаның құрметіне арналған хоккей ойыны алдында донорлық жүрекпен өмір сүріп жүрген алғашқы науқастардың бірі сөз сөйледі. 

 

25 шілдеде дәрігерлер Максимнің бауырын, жүрегін және екі бүйрегін науқастарға ауыстырғанын бұған дейін жарияланған болатын. 

• 1966 жылы туған науқасқа оның жүрегі салынды.

• 1966 жылы туған науқасқа бауыры ауыстырылды.

• 1984 жылы туған науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды.

• 2008 жылы туған бала екінші бүйрегін алды. 

Жаңалықтар

Әулие Валентин күні өткен соң, қазақстандық интернет-платформаларда қолданылған гүлдерді сату туралы...

Жаңалықтар

Талдықорғанда 50 жастағы ер адам интимдік қызмет үшін төлем жасаудан бас тартып, 25 жастағы жігітке...