СҚО-да зейнеткердің суыққа үскен денесі аурухана маңынан табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
397

Петропавлдағы ауруханалардың бірінің аумағында 75 жастағы кейуана үсіп қайтыс болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

14 қаңтар күні үйінен медициналық мекемеге қарай бет алған зейнеткер сол күйі оралмаған, ал оның ұялы телефоны байланыс аясынан тыс жерде болған.

Қолайсыз ауа райы мен түндегі қатты аяз іздестіру жұмыстарын қиындатқан. 60-тан астам адам жұмылдырылғанына қарамастан, қария тек келесі күні таңертең табылды. Учаскелік полиция инспекторы оны аурухананың шаруашылық корпусы маңындағы қоршаудың қасынан анықтаған.

Сол сәтте зейнеткер денесінің қатты мұздауына байланысты ауыр халде жатқан және тілге келе алмаған. Дәрігерлер шұғыл түрде медициналық көмек көрсеткенімен, қарияның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті тексерулер жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға ескерту жасап, суық мезгілде егде жастағы туыстарына барынша абай болып, оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

22 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давосқа жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...