Ақмола облысында күйеуін өлтірген әйел жазадан босатылды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1129

Ақмола облысында 63 жастағы әйел жұбайына пышақ жарақатын салды, ол ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Сот отырысында әйел күйеуінің жұмысына бармай, карта ойнап, ішімдік ішетінін естіп, ашуланғанын айтты. Күйеуі оның бетіне соққы жасаған кезде әйел қолындағы пышақты алып, күйеуіне бірнеше пышақ жарақатын салған. Кейін әйел дереу жедел жәрдем шақырған, бірақ ер адам ауруханада көз жұмды.

Жергілікті сот бұл оқиғаны аффект жағдайында жасалған кісі өлтіру деп танып, әйелді кінәлі деп санады.

Сот үкімі бойынша оның 63 жастағы болуы және қайтыс болғанның жақындарының материалдық немесе моральдық талап арыздарының болмауы жеңілдететін жағдай ретінде ескерілді. Әйелге бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанымен, Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған амнистия заңына сәйкес ол жазадан босатылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...