ШҚО-да жоғалып кеткен 3 жастағы бүлдіршіннің жағдайы белгілі болды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
212

Шығыс Қазақстан облысында 3 жастағы қыздың жоғалып кетуі бір отбасы үшін үлкен сынаққа айналды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мәліметке сәйкес, кішкентай қыз үйден байқатпай шығып кеткен. Үлкендер небәрі бірнеше минуттың ішінде баладан көз жазып қалған. Алғашында ата-анасы өз бетімен іздегенімен, нәтиже болмаған соң, жарты сағаттан кейін "102" қызметіне хабарласқан.

Оқиғаға жедел әрекет еткен полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарын бастап, барлық күшті жұмылдырған. Тәртіп сақшылары аулаларды, көшелерді және шет аймақтарды толық тексеріп, тұрғындардан сұрастырған.

Іздеу жұмыстары шамамен 4,5 сағатқа созылды. Ақыры бүлдіршін үйінен 4 шақырым қашықтықтағы көл маңынан табылды. Оны жедел уәкіл Медет Жансейітов анықтаған.

Полицейлердің үйлесімді әрекетінің арқасында қыз аман-есен табылып, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екені белгілі болды. Қыздың анасы құқық қорғау қызметкерлеріне алғысын білдіріп, олардың жеделдігі мен қырағылығын ерекше атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресми мәліметке сәйкес, психикасы мен мінез-құлқында ауытқуы бар 108 мыңнан астам адам есепте тұр, д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

БАҚ мәліметінше, күдікті бұған дейін кісі өлтіру және ауыр дене жарақатын келтіру бойынша сотталған,...