Алматының Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасап, «полицияның 8...
Тоқаев Қазақстанда әскери реформа жүргізуді тапсырды
Фото: Ақорда
476
Қазақстанда әскерді реформалауға бағытталған арнайы жоспар әзірленеді. Оны Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, 10 күн ішінде дайындауы керек, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Құжат қазан айының екінші жартысында өтетін Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қаралады.
Реформа аясында бюджет қаражатын тиімді пайдалану, әскери кадрларды іріктеу мен бағалаудың ашық жүйесін енгізу, әскердегі идеологиялық және тәрбие жұмыстарын күшейту мәселелері қаралады.
Сондай-ақ әскери қызметшілердің кәсіби даярлығын арттыруға және олардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық берілмек.