Түркияда IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде боз кіл...
Су тасқыны: Ақмола облысында бөгет жарылды
Фото: freepik
781
Қорғалжын ауданында «Шоптыкөл» бөгеті бұзылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
ТЖМ мәліметінше, гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан.
Бөгетте суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде.
«Салдарды жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған», деп хабарлады ТЖМ.
Бөгетті бекітуге 170 адам және 43 бірлік техника тартылған. Бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары жүргізілуде.