«Шетелдік үздік фильм» номинациясы бойынша Сергей Дворцевойдың «Айка»...
Назарбаев Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға байланысты үн қатты
ашық дереккөз
932
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Тұңғыш Президенттің сайтында хабарланды.
«Қаза туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ол қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
Еске салайық, Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы оқиға болып, әскери қызметшілер қаза тапты. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.