Шұғыл операция жасалды: Наурыз тойлау кезінде жасөспірім аттан құлап жарақат алды

Фото: pavon.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1635

Павлодар облысының Ақсу ауданында Наурыз мерекесін тойлау кезінде аттан құлап ауыр жарақат алған жасөспірімге дәрігерлер шұғыл операция жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.

 

2008 жылы туған бала бас ми жарақатымен облыстық балалар ауруханасына түсті. Операция жасалып, кешенді емдеу шаралары жүргізілді. Қазір баланың жағдайы тұрақты. Ол дәрігерлердің ұдайы бақылауында, қарқынды терапия жүргізіледі. Мамандар барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр, – деді Ақсу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Эльмира Сапарғалиева. 

Оқиға 21 наурыз күні Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Қызылжар ауылында Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған “Құнан бәйгеде” 16 жастағы жасөспірімнің аты алып қашып, электр бағанына барып соғылған. Ауыр жарақат алған шабандоз жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Оған шұғыл ота жасалып, тиісті ем-дом көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір жасөспірімнің жағдайы тұрақты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда автобуста 4,1 млн теңге ұрлаған адам ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Тергеу барыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың наурыз айында елімізде екі мемлекеттік мереке – Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз...