Шұғыл шақыртуға асыққан екі өрт сөндіруші жол апатынан қаза тапты

Коллаж: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
177

Абай облысында шұғыл шақыртуға бара жатқан екі өрт сөндіруші жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға Семей–Курчатов тасжолында болған.

Апат салдарынан 36 жастағы Ермек Сыдықов пен 33 жастағы Арнұр Әдікенов көз жұмды. Сонымен қатар жол-көлік оқиғасына қатысқан екінші көліктегі ерлі-зайыпты да қаза тапқан. Осылайша апаттан төрт адам мерт болды.

Марқұмдардың туыстары өрт сөндірушілерге Семей мен Курчатов арасындағы шамамен 130 шақырым жолды бір сағат ішінде жүріп өту тапсырылғанын айтады. Олардың сөзінше, қызметкерлер шұғыл шақыртуға асығып бара жатқан.

Жақындары осы жағдайға байланысты басшылықтың әрекетіне құқықтық баға беруді сұрап отыр. Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметтік тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Ермек Сыдықовтың артында әйелі мен екі баласы, ал Арнұр Әдікеновтің артында әйелі мен бір баласы қалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны артты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Ел үкіметі жари...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін Жезқазған және Сәтбаев қалаларында жаңа тұрғын үйлердің іргетасын қалау рәсімі өтті. Аталған н...