Сұхбат берген Серік Шәріптің басы тағы дауға қалды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1350

Қазақстандық блогер Әлішер Елікбаев актер Серік Шәріптен сұхбат алып, жұрттың ызасын келтірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Шакенти қызына қол көтерген күнді еске алды. Оның сөздері халыққа жақпай қалды.

"Өзімді ұстай алмай, шапалақпен ұрдым. Ол отырды да, жылай бастады. Екеуміз де әбден шаршаған едік. Мүмкін, күшімді ұстай алмаған шығармын. Торда отырғанда, сыртқа шыға алмайсың... Дәретхана жанында, түтіннің ішінде. Бес күн бойы сонда отырсаң — көп нәрсені түсіне бастайсың”, – дейді ол.

Сұхбаттан кейін желі қолданушылары Елікбаевты кінәлай жөнелді. Халықтың айтуынша, блогер агрессорды ақтап, зомбылықты насихаттады деп отыр. Оған жазылудан бас таптып жатқандар саны көп.