Швейцария қоғамдық орында ниқабпен жүруге тыйым салады

Фото: Getty Images/Alexey Emelyanov

ЖАҢАЛЫҚТАР
2408

Швейцарияда енді қоғамдық орында ниқабпен жүруге тыйым салынады, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kzтілшісіне сілтеме жасап.

Шектеу ресми түрде келесі жылдан бастап күшіне енеді. Заң бұзғандар жарты миллион теңге айыппұл арқалайды. 

Енгізілген заң бойынша, аталған ереженің ұшақтар, дипломатиялық мекемелер, мешіт, шіркеу сияқты орындарға қатысы жоқ. Сондай-ақ діни емес, ойын-сауық және жарнама мақсатында бетті тұмшалауға болады. Жергілікті мұсылман қауымдастықтары бұл заңға өз наразылықтарын білдіріп жатыр.

Олардың айтуынша, бұл мұсылман қыз-келіншектердің құқығын таптау деп санайды. Ал ережені жақтаушылар мұндай шаралар мигранттардың Швейцария қоғамына тез кірігуіне жол ашады дейді. Ниқабқа тыйым Тунис, Нидерланд және басқа елдерде бұрыннан бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік маңызы бар құжаттарға өзгертулер енгізгенін жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында үш жасар баланы ат таптап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  Қайғылы оқиғ...