“Алла көтере алмайтын сынақ бермесін»: Жахан Отарғалиев әкесі жол апатына түскенін айтты

instagram.com/zhahan.otargaliyev

ЖАҢАЛЫҚТАР
2431

Танымал шоумен, актер Жахан Отарғалиев әкесінің жол апатынан аман қалғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Атырау-Орал тас жолының бойында болған. 

“Бауырлар, шамалы ойланған дұрыс сияқты. Өткен жұма күні таңда Атырау-Орал жолында болған жағдай. Сәл жәй жүрген дұрыс-ау. Такси айдап жүрген бауырлар, сіздерді де үйлеріңізде бала-шағаңыз күтіп отыр. Тым болмаса соларды да ойлаңыз. Әкем Алланың қалауымен аман қалды”, – деп жазды актер. 

Одан кейін әкесінің жағдайын айтып, аяғында ісік пайда болғанын айтты. 

“Әкемді қалаға алып келдім. Енді жәй-жәй қалыпқа келеміз. Бастысы, аман қалды. Әке-анамыз аман болсын! Оларға көтере алмайтын сынақ бермесін!”, – деп жазды шоумен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...