Шығыс Қазақстан тұрғыны ауылдасын пышақтап тастаған

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
769

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында екі жергілікті тұрғын арасында жанжал туындап, салдарынан бірі екіншісін пышақтаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Зардап шеккен азамат медициналық мекемеге жеткізілгенімен, көрсетілген көмекке қарамастан алған жарақаттарынан қайтыс болды.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 7 қаңтар күні болған. Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары «Адамның қасақана ауыр дене жарақатын келтiру, абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті түрде анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр», – деп хабарлады полиция.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...