Павлодарда төрт жасар қыз екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Оқиға 2026 жылғы 18 тамызда болға...
Қытайда аутизмді ерте анықтайтын робот жасалды
Фото: әлеуметтік желі
1114
Қытайлық ғалымдар балалардағы аутизмді ерте кезеңде анықтайтын адамтектес робот әзірледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Тексеру кезінде баланың ми сигналдары инвазивті емес құрылғы арқылы тіркеліп, роботтың қимылына айналады.
Жүйе баланың зейіні мен қимылды елестету қабілетін талдайды. Бұл баланың жағдайы туралы нақты дерек алуға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, роботпен жұмыс істеу балалардың терапияға қызығушылығын арттырады.
Құрылғы қазірдің өзінде ауруханалар мен оңалту орталықтарында қолданылып жатыр. Алдағы уақытта оны инсульт пен қозғалыс бұзылыстарынан кейінгі оңалтуда пайдалану жоспарланған.