Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу емтихандары жаңа тәртіппен өтеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz....
Тағы бір бала іздестірілуде: СҚО-да алапат өрт әке мен баланың өмірін жалмады
Фото: ТЖМ
1232
СҚО-да жеке тұрғын үйде өрт шықты. Екі адам көз жұмды. Тағы бір баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
11 қаңтарда кешкі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Майбалық ауылында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шықты.
Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде үйдің толықтай жанып, қирағанын көрді.
Өртті сөндіру және үйінділерді тазалау барысында бір ер адам мен баланың мәйіті табылды. Қазіргі уақытта екінші баланы іздеу жұмыстары жүргізілуде.