Шымкентте 12-қабаттан лифт істен шығып, адам ауыр жарақат алды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
263

Шымкент қаласында жолаушысы бар лифт апаттық жағдайда төменге құлдилап, қауіпсіздік жүйесінің арқасында әрең тоқтаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Otyrar арнасының ақпарынша, оқиға Қонаев даңғылында орналасқан элиталы тұрғын үй кешенінде тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, 16 қабатты үйдегі лифт белгісіз себептермен 12-қабаттан төмен қарай жоғары жылдамдықпен қозғала бастаған. Апаттық қауіпсіздік жүйесі іске қосылып, кабина жетінші қабат деңгейінде тоқтаған.

Лифт ішінде болған әйел құтқарушылардың көмегімен эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Дәрігерлер оның табан сүйектері мен омыртқасынан жарақат алғанын анықтады. Қазіргі таңда науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып, медициналық бақылауда.

Оқиға туралы хабарлама «112» қызметінің пультіне түскен бойда жедел-құтқару жасағы оқиға орнына жіберілген. Мамандар лифт шахтасында қауіпсіздік талаптарына сай жұмыстар атқарылғанын, алайда көтергіш құрылғының техникалық жай-күйі мұқият тексерілетінін мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде тұрғындар аталған тұрғын үй кешеніндегі лифт жабдығы бұған дейін де бірнеше рет істен шыққанын айтып, техникалық қызмет көрсету сапасына қатысты сын білдіруде. Бұл деректер қазіргі уақытта тиісті органдар тарапынан тексеріліп жатыр.

Аталған жағдай бойынша қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау дерегімен қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның нақты себептері анықталуда. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін 16 ақпанда Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті. Ресей басшысы Қазақстанға мамыр айында ке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы сумо спортының отаны Жапонияда зор жетістікке жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балт...