Дубайдан 7 жылжымайтын мүлік анықталды: Перизат Қайраттың туысынан 3 миллиард теңгенің қымбат пәтерлері табылды

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
242

Дубайда сотталған Перизат Қайраттың туыстарына тиесілі жалпы құны шамамен 5,9 млн доллар немесе 2,67 млрд теңге болатын жеті жылжымайтын мүлік анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

"Выход к морю" арнасы мәліметінше, пәтерлер Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның туған ағасы Сәбит Алашбаевтың жұбайы Гүлбану Алашбаеваға рәсімделген. Жылжымайтын мүліктер Дубайдағы бірнеше элиталық тұрғын үй кешенінде, соның ішінде Бурдж-Халифа маңында орналасқан. 

Тізімдегі ең қымбат нысан - Vida Dubai Mall Tower II кешеніндегі екі бөлмелі пәтер. Оның құны шамамен 1,12 млн доллар деп көрсетілген. Azure Residence кешеніндегі тағы екі пәтердің жалпы бағасы 1,65 млн долларға бағаланған. Бұдан бөлек, тізімде Forte Tower II, Bellevue Towers және Harbour Views кешендеріндегі нысандар бар.

Арна дерегінше, бұл жылжымайтын мүліктер 2020-2022 жылдары сатып алынған. Сәбит пен Гүлбану Алашбаевтар ірі кәсіпкер емес, риелтор болып жұмыс істейтіні де айтылған. Пәтерлердің біреуі бұған дейін қысқа мерзімге жалға берілген. Арна дерегінше, ол 2020 жылы 380 мың долларға сатып алынған, кейін сатылып кеткен.