16 жастағы бір қызды зорлағандардың саны 1000-нан асады

Фото: ашық дереккөзден

Жаңалықтар
394

16 жастағы жасөспірім қызды жезөкшелікке итермелегені туралы тағы да тың ақпараттар шығып жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz SN.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Оқиғаның егжей-тегжейі туралы "НеМолчиKZ" қорының басшысы Дина Таңсәрі желі арқылы мәлімдеді.

“Жарты жыл бойы 16 жасар қызды өзімен қатарлас бір топ балалар жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Ұрған, соққан, қорқытқан. Ең қызығы, ақша ең соңында мәжбүрлеуші топтың ішіндегі бір қыздың анасының счетына аударылып отырған. 10 миллионнан астам теңге аударылған. Ол ақшаның қайдан келіп жатқанын сұрамайды емес сұрайды ғой. Сондықтан бұл жерде үлкен адамдардың нұсқауы бар”, - деді “НемолчиKZ” қорының жетекшісі Дина Таңсәрі.

Жәбірленушінің анасының айтуынша, барлығы қызы 10 сыныпта сыныптас құрбысымен жақын араласа бастаған кезде басталған.

"Бұл сұмдық туралы білмедік. Бұл сыныптасы біздің үйден 500 метр жерде тұрады. Олар жақсы араласып жүрді. Содан кейін құрбысы және басқа да сыныптастары қызымызды олардың үйіне жіберуімізді жиі сұрап келе бастады. Басында қарсы болдық, бірақ бәрі жақсы болады деп сендірген соң рұқсат беріп жүрдік. Қаңтар айында олар қызның телефонын алып, оны жезөкшелерге арналған сайтқа тіркеп, мас және жалаңаш күйінде киім ауыстырып жатқанын видеоға түсіріп алып, бопсалаған. Алғашында қызым олардан қорыққан. Ақпан айында қызым үйге келіп, мектепке барып жүрді. Бірақ содан кейін қылмыскерлердің талабы күшейіп, қызым күндіз де, кешке де шыға бастады. Екі күн бойы үзіліссіз жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болған күндері де болыпты. Егер ол ақшаны аударуды бес минутқа кешіктірсе, оны ұрып-соғады екен", – дейді жәбірленушінің анасы. 

Полиция қызға келген ер адамдардың барлық ақша аударымдарын анықтады. Олардың саны 1000-нан асады. Күдіктілер ай сайын жәбірленушіні пайданалып 3 миллион теңгеге жуық табыс тауып отырған.

"НеМолчиKZ” қорының жетекшісі жәбірленушінің отбасына қауіп төніп тұрғанын айтты.

"Біз жағдайды дұрыс бағаламай отырмыз, қылмыстық іске 4 күдіктінің, олардың ата-аналары және мыңға жуық клиенттің қатысы бар. Клиенттерді күдіктілердің бірінің пәтерінде жезөкшелерге арналған сайт арқылы қабылдаған. Сондай-ақ қызды тапсырыспен сауналарға да апарған", – деді құқық қорғаушы.

Оның айтуынша, күдіктілердің туыстары қыздың ата-анасын улы газбен уландырамыз деп қорқытқан.

"Қазір олардың үйінің жанында үнемі полиция қызметкері тұрады. Алайда ол жәбірленушінің қауіпсіздігіне ғана жауапты. Ал анасын бүкіл қала біледі, ол өз өмірі үшін қорқады", – деді Дина Таңсәрі.

"НеМолчиKZ" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі қызды зорлаған алғашқы "клиенттің" ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері екенін де атап өтті.

Полиция департаментінің мәліметінше, қылмысқа қатысы бар мектеп оқушыларының ата-аналарына қатысты қылмыстық іс қозғалып, ал кәмелетке толмаған күдіктілерге "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу жалғасуда. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...