Шымкентте 2 баласы бар отбасы газдан уланды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1953

Шымкенттегі пәтерлердің бірінде көмірқышқыл газынан уланған отбасы мерт бола жаздады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, оларды кездейсоқ өтіп бара жатқан пәтер иесі құтқарып қалған. Екі баласы бар ерлі-зайыптылар пәтер жалдап тұрған. Пәтердің иесі отбасының жағдайын білу үшін үйге кірмекші болған. Алайда есікті қаққанда ешкім ашпай қойған. Сол кезде ол пәтерді өз кілтімен ашқан. Үйге кіргенде ол ес-түссіз жатқан екі баланы және анасын байқаған. Оқиға орнында слесарь болған.

"Дүрбелең басталды. Осы кезде қызметкер Ермахан пәтерге кірді. Ол бәрін тыныштандырды, біз терезелерді аша бастадық. Ол бірден өзінің барлық "термометрлерін" алып, тексере бастады, газды жауып тастады. Улану бар екенін айтты", - дейді пәтер иесі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жедел жәрдем фельдшерінің үстіне кондиционер құлап, ол ауыр жарақат алды. Қазір фельдшердің...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ эстрадасының әйгілі әншісі, халық әртісі Мақпал Жүнісова зейнеткерлікке шыққанын және қанша мө...