Қазақконцерт қазақтың біртуар мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Қа...
25 жылдық тәжірибесі бар Махаббат Есен жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөз
Қазақстандық журналист әрі медиаменеджер Махаббат Есен «NS Радиосының» директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Махаббат Есеннің медиа саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол кәсіби еңбек жолында телевизия мен радио саласында қызмет атқарып, стратегиялық коммуникациялар және медиажобаларды басқару бағытында жұмыс істеген.
Журналист медиаменеджментпен қатар білім беру және кәсіби мамандар даярлау саласында да еңбек етіп келеді. Ол — Fowler International Academy халықаралық коучы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қауымдастырылған профессоры. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ақпарат саласының үздігі» кәсіби төсбелгісімен марапатталған.
Махаббат Есеннің базалық білімі — журналистика. Сонымен қатар менеджмент мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған және Doctor of Business Administration (DBA) бағдарламасында докторантурада білім алып жүр.
Ол еліміздегі бизнес-мектептер мен жоғары оқу орындарында шақырылған лектор ретінде дәріс оқиды. Негізгі бағыттары — стратегиялық коммуникациялар, медиаменеджмент, шешендік өнер және көшбасшылық.
Бұдан бөлек, Махаббат Есен ұлттық және халықаралық деңгейдегі бірқатар медиа және мәдени-ағартушылық жобалардың авторы әрі продюсері. Сондай-ақ UNESCO Clubs Kazakhstan елшісі ретінде қоғамдық-ағартушылық бастамаларға атсалысып келеді.
Осылайша, ширек ғасырдан астам уақытын медиа саласына арнаған Махаббат Есен енді «NS Радиосының» жұмысын басқарады.