Димаш Құдайберген Қытайда жаңа жылдық концертте өнер көрсетті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2057

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының астанасы Чэнду қаласында жаңа жылдық мереке өтті. Кешке әлемге танымал өнерпаздар қатысты. Олардың арасында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де бар, деп хабарлайды madeniportal.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.


«Димаш көрермендерге өз репертуарындағы қытай тіліндегі ең әсем лирикалық әндердің бірі — «The Crown» композициясын ұсынды. Бұл ән — қазақстандық композитор Ұлықпан Жолдасовтың 2017 жылы жарық көрген «Кім екен» туындысының қытайша нұсқасы. Ән алғаш рет «Xiaomi Super GOD MOBA» атты мобильді ойынның саундтрегі ретінде шыққан», — деп жазылған сайтта.

Сонымен қатар Димаш Қытайдың әйгілі әншісі Вэй Вэймен бірге «Join Hands» композициясын орындады. Бұл әнді танымал автор Чжу Хай және «Оскар» сыйлығының музыкалық қазыларының бірі Нейтан Ванг жазған. Ән алғаш рет 2023 жылдың 20 қыркүйегінде Чэндуда өткен «Golden Panda» марапаттау рәсімінің финалында орындалған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...