Геннадий Головкин World boxing ұйымының президенті болуы мүмкін

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1820

Геннадий Головкин алдағы уақытта халықаралық деңгейде жоғары лауазымды қызметке келуі мүмкін, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Геннадий Головкин қазіргі таңда Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенті қызметін атқаруда. Ал, лауазымының жоғарылауы мүмкін екендігі туралы ақпаратты спорт журналисі Уәлихан Қосанбай «Yessen Yeleuken» YouTube арнасына берген сұхбатында айтқан. 

«Қазір World Boxing ұйымының президенті - нидерландтық Борис ван дер Ворст. Алайда оның алдағы уақытта бұл қызметте қалатыны белгісіз. 2 қыркүйекте Үндістан астанасы Нью-Делиде ұйымның конгресі өтеді. Сол жерде президент сайлауы ұйымдастырылады. Менің қолымда бар ақпарат бойынша, бұл сайлауға Геннадий Головкин де қатыспақ», - деді журналист. 

Айта кетейік, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында боксты ұйымдастыруға жауапты World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясын Геннадий Головкин басқарады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...