Шымкентте балық жаппай қырылып жатыр (ВИДЕО)

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
96

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі Бадам өзенінің жағалауында жүздеген өлі балықтың түсірілген видеосы жарияланды, днп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл оқиғаға байланысты өңірлік экология департаменті тексеру жүргізеді.

Қалалық экология департаментінің мәліметінше, 2 ақпанда ведомствоның зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары бейнежазба түсірілген орынға барып, судан сынамалар алған: құбырдан ағып жатқан ағынды сулардан, сондай-ақ Бадам өзенінің жоғары және төменгі нүктелерінен.

"Арнайы экономикалық аймақ — «Оңтүстік» (Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы) мен Елеман ықшамауданы бағытында төселген кәріз құбыры Бадам өзенінен өтетін бөлігінде зақымданып, ағынды сулар өзенге құйылғаны анықталды. Қазіргі уақытта құбыр қалпына келтірілді, ағынды сулардың ағуы тоқтатылды", — деді экология департаменті.

Сонымен қатар, экология департаменті тарапынан бұл бұзушылыққа жол берген тарапқа қатысты жоспардан тыс тексеру тағайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысында әскери жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында 14 жастағы қызды зорлаған 64 жастағы өгей нағашы атасына сот үкімі шықты, деп хабар...