Әйгілі америкалық боксшы Майк Тайсон 2005 жылдан бері алғаш рет кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізіп, ж...
Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаев 90 жасқа толды
Фото: Abai.kz
Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Сәбит Оразбаев бүгін 90 жасқа толып отыр. Ол Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында саналы ғұмырын өнерге арнап, ұлттық театр өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жарты ғасырдан астам шығармашылық жолында Сәбит Оразбаев 100-ден астам драмалық рөлді сомдап, қазақ және әлемдік классикаға, заманауи драматургияға өзіндік үлесін қосты. Театр сахнасындағы табанды еңбегі мен кәсіби мектебі кейінгі буын актерлерге өнеге болды. Сәбит Оразбаев 1936 жылы Түркістан облысы Арыс ауданында дүниеге келген.
Ол 1955–1959 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық консерваториясының (театр факультеті) студенті болған. Ал 1960 жылдан бастап М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актер болып қызмет атқарған.
Оның еңбегі бірнеше мемлекеттік марапаттармен бағаланған: Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты, І дәрежелі «Барыс», «Парасат», «Отан» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері.
«Ұстаздық жолы арқылы да талай жас әртістің кәсіби қалыптасуына ықпал еткен Сәбит Оразбаевтың еңбегі ел жадында мәңгі сақталады. Мерейлі жасымен құттықтай отырып, әртіске зор денсаулық, қажымас қайрат және отбасы бақ-берекесі тілейміз», — деп ізгі тілегін білдірді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.