Шымкентте емделуге келген қыздарды зорлағандар қамалды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2209

Шымкенттегі Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығында емделген екі қызды "зорлады" деген күдікпен екі адам ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Бұл туралы Шымкент қалалық соты хабарлады. Сот мәліметінше, қалалық тергеу соты "Зорлау" бабымен күдікке ілінген екі адамды екі айға қамауға санкция берген. Қамау туралы шешімге келіспеген күдіктілердің қорғаушылары апелляциялық шағым түсірген, сот оны қанағаттандырудан бас тартты.

Сот тергеу амалдарына байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, Шымкентте облыстық психикалық денсаулық орталығында емделген екі қыз "мекеме қызметкерлері күш көрсетіп, бірнеше рет зорлады" деп мәлімдеген. Қыздардың бірі кәмелетке толмаған. Ол зорлықтан кейін бойына бала бітіп, денсаулығына байланысты түсік жасатуға мәжбүр болған. Ал бірі ем алып жатқан кезде зорланғанын айтуға қорыққан. Ол жерде тағы қалып қоямын деп ойлаған. Жәюңрленуші емделіп шыққаннан кейін ғана оқиғаны анасына баяндап берген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысының Бобровка ауылында тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан әйел мен кәмелетке толм...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Филиппиннің Исабела провинциясында жарылыстан төрт адам, оның ішінде үш бала қаза тапқан. Тағы төрт...