Шымкентте өрт болған үйден бір адамның денесі табылды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
128

Шымкенттің Теріскей шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйде болған өрттен 67 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Пәтердегі тұрмыстық заттар жанып, өрт төрт шаршы метр аумақты шарпыған. Ғимараттан баспалдақ арқылы сегіз адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың арасында бір бала бар.

Оқиға орнына жеткен мамандар өртті жедел сөндірді. Алайда пәтерден 1959 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір өрттің шығу себебі мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Әлем

Нью-Йоркте туристік тікұшақ өзенге құлап, ерлі-зайыпты мен олардың үш баласы көз жұмды. Апаттан ұшқы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Қордай ауданында оқушылардан ақша бопсалап, айтқанына көнбегендерді ұрып-соғатын бе...