Алтын жүн туралы аңыз бойынша көпшілікке белгілі Джейсон мүйісі жаздың басталуымен ағыны айтарлықтай...
Серуендеуге шыққан бір отбасының бес мүшесі қаза тапты
Фото: freepik
52
Нью-Йоркте туристік тікұшақ өзенге құлап, ерлі-зайыпты мен олардың үш баласы көз жұмды. Апаттан ұшқыш та қаза тапқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиға 2025 жылғы 10 сәуірде болған. Испанияның Барселона қаласынан келген отбасы Нью-Йоркті әуеден тамашалау үшін туристік тікұшаққа отырған.
Алайда ұшу кезінде тікұшақ әуеде бөлшектеніп, Гудзон өзеніне құлаған. Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел қызмет мамандары жұмылдырылғанымен, борттағы алты адамның ешқайсысы аман қалмаған.
Қаза тапқандардың арасында Siemens компаниясының басшылық қызметкері Агустин Эскобар, оның жұбайы Мерсе Кампруби Монталь және үш баласы болған.