Шымкентте қыздарды ағыс ағыны алып кеткен (ВИДЕО)

instagram/police_shymkent

ЖАҢАЛЫҚТАР
839

Шымкентте полиция қызметкерлері өзенде суға түсу кезінде ағысқа түсіп, жағадан алыстап кеткен екі қызды құтқарып қалды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Полицияға Қарабастау аумағында шомылып жүрген екі қызды өзен ағысы алып бара жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері суда қиын жағдайға тап болған қыздарды байқап, бірден көмекке ұмтылған. Инспектор Нұрлан Жұмабай әріптестерімен бірге қыздарды судан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді.

Қыздарға алғашқы көмек көрсетілді. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.

Полиция азаматтарды су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, белгіленбеген және қауіпті жерлерде шомылмауға шақырады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

8 қыркүйектен бастап WhatsApp Android 5.0 және 5.1 Lollipop нұсқасындағы смартфондарды қолдауды то...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының тұрғыны Арман Шораев әлеуметтік желіде балағат сөздер қолданылған жазба жариялағаны...