Елорда күнін мерекелеу қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қала әнұраны, елорда туралы ең үздік...
Шымкенттегі техникалық қызмет көрсету стансасында ірі өрт шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөз
332
Шымкент қаласының Тұран ауданында, Исаханов көшесінде автокөлік жөндеу бокстарында өрт шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар сегіз бокстың төртеуін өрт шарпығанын анықтады. Өрттің жалпы аумағы 119 шаршы метрді құрады.
Өрт сөндіру жұмыстары барысында қызметкерлер жарылыс қаупінің алдын алу үшін қауіпті аймақтан көлемі 50 литрлік оттегі баллонын алып шықты.
Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр.