Шымкентті қара қою түтін басты

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1589

Шымкентте болған алапат өрт 1200 шаршы метрден астам аумақты шарпыды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Техниканы жоюмен айналысатын аймақтағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде пластик пен резинадан жасалған бұйымдардан жасалған заттардың қалдықтары сақталатын қойма өртенді.

Ауаны қара түтін басып, көру мүмкіндігі шектелді. Жақын арадағы аудан тұрғындары түтін исі мен тыныс алу жолдарының зақымдануына шағымданды.

Оқиға орнынан ТЖМ өкілдері келді.

"Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді қимылдарының арқасында 1200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Шымккент ТЖД өкілдері. 

Өрттің себеп-салдарын анықталып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...