Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен адамға қатысты пікір білдірді

facebook.com/bbazarbek

ЖАҢАЛЫҚТАР
548

Кеше Жамбыл облысында экс-депутат Бақытжан Базарбектің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы «24KZ» жазды. Бүгін әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы жол апатынан зардап шеккен Нұржігіт есімді азаматтың жағдайы туралы видеожазба мен үндеу жарияланды. Науқастың туыстары ел азаматтарынан дұға етіп, қолдау көрсетуді сұрады.

"Бақытжан Базарбек ағамыз біздің жанымызда. Бауырымның аяққа тұрып кетуіне еш көмегін аяп жатқан жоқ. Қазіргі таңда бауырымның жағдайы қанағаттандырарлық. Құрметті халайық, бауырым үшін дұғада болыңыздар", – делінген үндеуде. 

Өз кезегінде жағдайды бақылауда ұстаған Бақытжан Базарбек науқастың денсаулығына қатысты пікір білдіріп, медициналық ұйымдардың жұмысын атап өтті.

"Құрметті қазақ халқы, Нұржігіт бауырымыздың денсаулығы ақ халатты абзал жандардың қолында. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан үлкен көмек беріліп жатыр. Реаниматологтар, травматологтар консультация беріп жатыр. Қажетті емшаралар көрсетіліп жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тарапынан консилиумдар жүріп жатыр. Қазір оң өзгерістер бар", – деді ол.

Сонымен қатар дәрігерлер науқастың беті бері қарау үшін барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп, тиісті министрлік пен жергілікті денсаулық сақтау басқармасы жағдайды ерекше бақылауда ұстап отырғанын жеткізді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жеті ителгіні Қатарға заңсыз әкетпек болған үш адам жеті жылдан бас бостандығынан айырылды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда тоғыз жастағы балаға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп...