2026 жылы 5 шілдеде еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Maden...
Тағы бір ер адам бас прокуратура алдында өзін өртеп жіберді
Фото: Видеодан кадр
2467
Бішкектегі Бас прокуратура ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп жіберді, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы қырғызстандық белсенді Ырғалай Бекмұратова өзінің Facebook парақшасындажазды. Бекмұратованың айтуынша, өзін-өзі өртеп жіберген адам жылжымайтын мүлікпен байланысты әділетсіздікке наразы болған екен.
«Бұл менің көз алдымда болды. Ер адам Бас прокуратура ғимаратының жанында тұрды. Содан кейін ол өзіне қандай да бір сұйықтықты бөтелкеден құйып, мен оны шай деп ойладым. Кейін ол өзін өртеп жіберді», - деп жазды белсенді.