«29 адам қайтыс болды»: Әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1957

Ан-26 әскери-көлік ұшағы Қырымда апатқа ұшырап, экипаждың алты мүшесі мен 23 жолаушы қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы РИА Новости жазды.

Әуе кемесімен байланыс сейсенбі, 31 наурыз күні Мәскеу уақытымен шамамен 18:00-де (Астана уақытымен 20:00-де) үзілген. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақ Қырым үстінде жоспарлы ұшу орындаған.

1 сәуірге қараған түні Ресей Қорғаныс министрлігі іздестіру-құтқару тобы Ан-26 ұшағы апатқа ұшыраған орынды тапқанын хабарлады. Апаттың алдын ала себебі — техникалық ақау.

РИА Новости агенттігінің оқиға орнындағы дереккөзі хабарлағандай, әуе кемесі жартасқа соғылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...