Талдықорған орталығында ер адамды өлтіріп кеткен (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
704

Әлеуметтік желілерде Талдықорғанның орталығындағы оқиға орнынан түсірілген видео белсенді түрде таралуда. Видеода жедел қызмет көліктері мен қоршауға алынған көше көрінеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жетісу облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кісі өлтіру дерегі болған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 30 наурыз күні кешкі уақытта бұрыннан таныс адамдар арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Төбелес барысында жәбірленушіге пышақ жарақаты салынып, сол жарақаттан ол көз жұмды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды».

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайын, соның ішінде қайғылы жағдайға әкелген жанжалдың себептерін анықтап жатыр.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Абай облысында бір тәулік ішінде екі бүлдіршін терезеден құлап кетті. Қайғылы жағдайлардың бірі өлім...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы дәрігерлер бесінші қабаттың терезесінен құлаған төрт жасар баланы аман алып қалып, оның а...