Талдықорғанда 53 жастағы әйел жұмыс орнында зорлыққа ұшырады

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1646

Талдықорғанда 53 жастағы қонақүй қызметкерін зорлағаны үшін іздеуде жүрген, бұрын сотталған ер адам ұсталды. Күдікті Алматы қаласында қолға түсіп, қылмыс жасалған жерге жеткізіліп, қамауға алынды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жәбірленушінің арызы 28 қазанда қалалық полицияға түскен. Тергеу барысында белгілі болғандай, жергілікті қонақүйде жұмыс істейтін әйелді сол мекемеде нөмір жалдап тұрған белгісіз ер адам зорлаған. Қонақүйдің бейнебақылау камералары арқылы оның кім екені анықталды. Ол – Алакөл ауданында тұратын 35 жастағы тұрғын болып шықты.

Қалалық полицияның хабарлауынша:
«Күдікті бұрын да бірнеше рет ауыр қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, түзеу мекемелерінде жазасын өтеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Алматы аумағында жасырынғаны анықталды. Қазір ол Талдықорғанға жеткізіліп, уақытша қамауға алынды».

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша тергеу жүргізілуде — «Зорлау» және «Сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері». Тергеу барысында күдіктінің өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілмек.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...