Қырғызстан мұсылмандарының діни басқармасы елде қайтыс болған адамның үйінде 3 күнге дейін мал сойып...
Талғарда тағы да бір топ адам жас жігітті аяусыздықпен пышақтап кетті
ашық дереккөз
Алматы облысының Талғар ауданында жас жігітті өлтіру дерегі тіркелді, деп хабарлады MadeniPortal.kz Azattyq Rýhy-ына сілтеме жасап.
Оқиға туралы Threads әлеуметтік желісінде sheripzhaaaan никнеймімен қолданушы жазған. Қыздың айтуынша, 12 сәуір күні Талғар ауданында оның 20 жастағы ағасы Анвар Мусаев қатыгездікпен өлтірілген.
«Оған 10-нан астам адамнан тұратын топ шабуыл жасады. Бұл кездейсоқ жанжал емес – бұл суыққанды топтық шабуыл болды. Оны қоршап, қорғануға мүмкіндік бермеген. Пышақ жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Бізде болған жайттың бейне дәлелдері бар. 30-дан астам куәгер бар», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде 12 сәуір күні Гүлдала ауылындағы мейрамханалардың бірінде болған кісі өлтіру және бұзақылық фактілері бойынша екі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында және дер кезінде таратылған бағдарлар арқасында 20 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сонымен қатар бұзақылық фактісі бойынша тағы үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұдан бөлек, соттың шешімімен екі адамға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ таңдалды. Кәмелетке толмаған күдіктіге қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шарасы қолданылды. Оқиғаның барлық куәгерлері анықталып, қылмыстық іс аясында жауап алынды», – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Барлық тараптардың уәждері мұқият тексерілуде, деп қосты ведомство.
Тергеу барысы Алматы облысы ПД басшылығының ерекше бақылауында.