Шымкентте Free Fire ойнаған мектеп оқушысы ата-анасын 2 млн теңгеден айырылды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1107

ІІМ хабарлағандай, белгісіз бала Free Fire мобильді ойынының аккаунтын сатып алуды ұсынған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

6-сынып оқушысы ұсынысқа қазығушылық танытып, белгісіз ер адамға анасының банк картасының мәліметтерін және ақша аударымының кодын жіберген. Салдарынан алаяқ анасының есебінен 2 млн теңге шешіп алып кеткен. Оқушының анасы ақша жоғалғанын анықтап, полицияға жүгінді. Көп ұзамай алаяқ та ұсталды, қазір онымен тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

«Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталды. Полиция ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы жиі ескертіп отыруға кеңес береді. Бөгде адамдарға банк деректерін ешқашан хабарламауды әрдайым айтып отыру керек», — деп еске салды полиция.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...