Бүгін – Халықаралық қарттар күні

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
444

1 қазан – елімізде дәстүрлі түрде Қарттар күні атап өтілетін күн, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл мереке 1990 жылдың 14 желтоқсанында БҰҰ Бас ассамблеясының шешімімен ресми түрде жарияланған. Содан бері Қазақстанда жыл сайын аталып өтіледі. Мереке аясында қарттарға құрмет көрсетіліп, түрлі әлеуметтік және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, ардагерлерге арнайы құрмет көрсету акциялары өткізіліп, мемлекет тарапынан біржолғы материалдық көмек беріледі. Сонымен қатар азық-түлік себеттері, шипажайларға жолдамалар ұсынылып, мерекелік концерттер де ұйымдастырылады.

Қарттарға қолдау көрсетудің маңызды бастамаларының бірі – «Белсенді ұзақ өмір» ұлттық жобасы. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткен жылы бастаған бұл жобаға сәйкес еліміздің барлық аймақтарында белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу көзделген. Мұнда егде жастағы адамдар бос уақытын тиімді өткізіп, ағылшын тілін меңгеріп, компьютерлік сауаттылық курстарынан өтіп, дене шынықтыру, би секілді шараларға қатыса алады.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда бүгінде 2 млн 236 мыңнан астам зейнет жасындағы азамат бар. Ал осы мерекеге орай биыл елордада 84 867 зейнеткерге әлеуметтік көмек көрсетілетіні хабарланды.